RU

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай мен жауын-шашын күтіледі

13 мамырда Қазақстанның шығыс бөлігінде найзағай мен жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, батыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жауын. Көрнекі фото: pikabu.ru
Жауын. Көрнекі фото: pikabu.ru: UGC

Еліміздің кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл болып, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде және таңертен жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде - найзағай, дауыл, жел күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с күтіліп, тұман болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел күші 15-20 м/с, түнде және таңертен тұман, бұршақ жауы мүмкін.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731458-aua-rajy-bgin-elimizdi-basym-bliginde-najzagaj-men-zauyn-sasyn-ktiledi.html