RU
Шетелде демалып жүргенде күйеуі өзгенің құшағында кеткен келіншек мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

Шетелде демалып жүргенде күйеуі өзгенің құшағында кеткен келіншек мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Гуля есімді әйел шетелде демалып жүргенде жиырма жыл бірге болған күйеуі өзгеге кетіп қалғанын айтып, мұңын шақты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ажырасу. Фото: Time for Woman

Ажырасу. Фото: Time for Woman
Source: UGC

"Мен балалар үйінде өстім. Шаштаразшы болып жұмыс істейтінмін. Пәтерге кезекке тұрып, ақша жинауға кірістім. Асқан сұлу емеспін. Өмір бойы еңбек термен жиған ақшам ұрланғанда полицияға жүгінген едім. Сол жерде өмірлік махаббатымды таптым. Қанат аға лейтенант еді. Екеуіміз азаматтық некеде тұра бастадық", - деп есіне алды ару.

Гуля күйеуімен бақытты болғанын алға тартты.

"Бес жыл бірге болдық. Кішігірім пәтер алдық. Қанат жұмысынан шаршап жүрді. Жақсы көлігі болғанын қалайтын. Аз жалақыға жұмыс істейтініне күйгелектенетін. Ақыры жұмысынан кетіп, пәтерімді сатуға көндірді. Қаражатты бизнеске құйып, өзіне қымбат көлік алды. Ол балалы болуға қанша өтінсем де келіспейтін", - деп есіне алды келіншек.

Жиырма жыл бірге болған ерлі-зайыпты ақыры қымбат коттедж алады.

"Біз көп еңбектендік. Мен жұмысымды тастап, Қанатқа көмекке шықтым. Үйді менің атыма рәсімдегені үшін алғысым шексіз болды. Ол менсіз түкке қол жеткізе алмайтынын айтатын. Көп ұзамай құрбыларыммен шетелде демалып қайтуды ұсынды.

Жолға шығарға бір күн қалғанда үйді оның атына аударуымды сұрады. Бизнесте қиындықтар болғасын үйді сатып, кейін қайта үйлі болатынмызға уәде еткен", - дейді Гуля.

Үш апта құрбыларымен шетелде демалған келіншекті үйіне келгенде күйеуі күтіп алмаған, ал үйінде өзге құлып тұрған.

"Күйеуіме қоңырау шалғанда, мені енді жақсы көрмейтінін алға тартты. Өзгеге кетіп қалғанын айтып, мені оның арқасында күн көріп келген деп санайтынын жасырмады. Шотыма 500 мың теңге ғана аударып, жалдамалы пәтерде өмір сүруді ұсынды", - дейді Гуля.

Көп ұзамай келіншек күйеуінің бірнеше жыл бойы өзгеге үйленіп алғанын және содан балалы болғанын біледі. Бұрынғы күйеуі жаңа коттеджге заңды әйелі мен баласын алып кіріпті.

"Одан өзге ет жақыным жоқ болғасын, ауыр тиді. Қайта шаштаразшы болып жұмысқа тұрдым. Ол маған тым құрымағанда кезінде сатқан бір бөлмелі пәтерімнің ақшасын қайтарады деп үміттенемін. Қанатпен бақытты күндерімді жиі еске аламын", - дейді Гуля.

Журналист Алия Абсеметованың материалынан аударылды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
7
4
6
22
2
4
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel