RU
Мәскеуде қайтыс болған қазақ қызының анасы жантебірентерлік жазба қалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Мәскеуде қайтыс болған қазақ қызының анасы жантебірентерлік жазба қалдырды

Рассказать Вконтакте

Мәскеу университетінің терезесінен құлап, қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова желі парақшасында қызына арнап жантебірентерлік жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Томирис Байсафа. Фото: Instagram

Томирис Байсафа. Фото: Instagram

"Жүрегім сенің иісіңді, теріңді, қолдарыңды, дауысыңды, күлкіңді, хаттарыңды ұмытқан жоқ. Сенсіз қалай өмір сүретінімді айтпадың... Сен қашан да қасымда болатыныңды айтқан едің... Менің барымсың. Сенсіз тынысым тарылады", - дейді ол.

Желі қолданушылары Жанна Ахметоваға қайғысына ортақ екендерін жазып, қолдау білдіруде.

"Қайғыңызға ортақпыз. Бекем болыңыз", "Сүйікті қызыңыздың жаны жәннатта болсын. Сізге көңіл айтамыз", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, 13 сәуір күні Томирис Байсафа университет терезесінен құлап, үшінші мамыр күні емханада көз жұмған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
12
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір