RU
Жомарт Ертаев өзіне қоқан-лоққы көрсетіліп жатқанын мәлімдеді
Жаңалықтар Қоғам

Жомарт Ертаев өзіне қоқан-лоққы көрсетіліп жатқанын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Ресейде құрықталған қазақстандық банкир Жомарт Ертаев өзіне Қазақстанның патриоттары қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы "Коммерсантқа" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жомарт Ертаев. Фото: Atameken Business Channel

Жомарт Ертаев. Фото: Atameken Business Channel

Сот прокурордың Ертаевты уақытша оқшаулағышқа қамау туралы өтінішін қанағаттандырмай, банкирді үйқамаққа алды.

Ертаевтың өзі болса, Қазақстан патриоттарының оған қоқан-лоққы көрсетіп жатқанына шағымдануда. Ол бұл жайтты телевидение саласындағы қызметімен байланыстырды.

"Олар Ресейдің телекоммуникациясын Қазақстан нарғынынан шығарып жіберуді қалайды. Егер біз ТНТ-дан айырылсақ, қазақстандықтардың келесі ұрпағы түрік телехикаяларынан тәрбие алады", - дейді Ертаев.

Оның ойынша, қылмыстық іс экономикалық емес, саяси тұрғыда қозғалған.

Еске салсақ, Жомарт Ертаев 8 мамырда қамауға алынған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
4
1
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір