RU
Астанада "әкесінің туыстары 62 млн теңге кредитке кіргізген" қыз емханадан бір-ақ шықты
Жаңалықтар Қоғам

Астанада "әкесінің туыстары 62 млн теңге кредитке кіргізген" қыз емханадан бір-ақ шықты

Рассказать Вконтакте

Астанада 62 миллион теңге қарызға батқан бойжеткен жүйке ауруына шалдығып, емханада жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Бойжеткен. Көрнекі фото: stihiolubvi.ru

Бойжеткен. Көрнекі фото: stihiolubvi.ru

Анасының айтуынша, осыншама мол ақшаны студентке туыстары алдап алғызған. Өрімдей қыздың тағдырын ойыншыққа айналдырғандар жазасыз қалмауы керек дейді зардап шегушінің анасы Патима Полатбай.

"Институтты жаңадан бітіріп жатқан баланың өміріне балта шапты. Өмірін бұзды. Бәріңізде балаларыңыз бар. Түсініңіздер мені. Себебі менің баламды қазір қор қылып қойды", - дейді ол.

Көз жасына ерік берген Патима Полатбайдың айтуынша, 2007 жылы ажырасып кеткен күйеуінің туыстары екі қабатты коттеджді қызының атына жазып берген. Алайда екі жылдан кейін олардың қулығы әшкере болады.

Әкесінің жақындары сол кездегі 21 жастағы студент қызды алдап, құжаттарға қол қойдырып, оның атынан екі банктен 62 миллион теңге несие алғаны анықталған.

Ал кепілдікке қойылған үйді қайта өз аттарына аудартып алыпты. Десе де арада он жыл өтсе де, қыруар қарыз қыздың атында тұр.

Зардап шегушінің анасы туыстарының артында банкте сыбайласы барына сенімді. Бүгінде Астананың Ішкі Істер департаменті алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
6
5
31
28
1
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір