RU
Оралда ата-енесін атып тастаған азамат қамауға алынды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Оралда ата-енесін атып тастаған азамат қамауға алынды (фото)

Рассказать Вконтакте

Судья Раушан Исмаилова оралдық азамат Рустам Давлетшинді екі айға қамауға алу шешімін шығарды. 38 жастағы Рустам 60 жастағы енесі мен 66 жастағы қайын атасына оқ жаудырды деп күдіктелуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Күдікті. Фото: NUR.KZ

Күдікті. Фото: NUR.KZ

12 мамыр күні өткен сотта ер адам бет-жүзін жасыруға тырысқанымен, көп ұзамай журналистерге түрін көрсетті.

Күдікті. Фото: NUR.KZ

Күдікті. Фото: NUR.KZ

"Екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылсын", - деді судья Раушан Исмаилова.

Рустам Давлетшинге Қылмыстық кодекстің "Асқан қатыгездікпен адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылды.

Еске салсақ, 10 мамыр күні кешке ер адам бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, жеті жасар ұлының көзінше ата-енесін атып тастаған болатын.

Ғалия Әбдірахманова мен Раниль Әбдірахманов

Ғалия Әбдірахманова мен Раниль Әбдірахманов

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
6
2
7
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel