RU

Қазақ тілін үйреніп алған америкалық жігіт қымыз бен бешбармаққа тәнті болды

АҚШ-тың Колорадо штатынан келген Джосая Савиг бірнеше жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Джосая Савиг. Фото: Kazakh TV
Джосая Савиг. Фото: Kazakh TV: UGC

Джосая бала кезінде ата-анасымен Қазақстанда тұрыпты. Отбасы кейін туған жеріне оралған. Алайда жылдар өте келе Джосая Қазақстанға қайтуды жөн санапты.

Орала салысымен, тіл курстарына барған азамат қазақ тілін ұнататынын жасырмады. Джосая Қазақстанда алғаш рет жылқы етін жеген.

"Бешбармақ ұнады... Қымызды жақсы көремін", - дейді америкалық азамат.

Қазақстанның талай өңірінде болған Джосая Алматыны ұнатқан.

"Шымкентте де жақсы. Ақтау - әдемі қала. Астанада да жаман емес, алайда қашан да жел соғып тұрады", - дейді Джосая.

Америкалық азамат университеттердің бірінде ұстаздық етеді және Қазақстанда әлі бірнеше жыл тұрудан үмітті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731476-kazak-tilin-jrenip-algan-amerikalyk-zigit-kymyz-ben-besbarmakka-tnti-boldy.html