RU
Исекешев Астана тұрғындарынан кешірім сұрады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Исекешев Астана тұрғындарынан кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Астана әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындарынан кешірім сұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Исекешев. Фото: Kapital.kz

Исекешев. Фото: Kapital.kz

Қала әкімі жаяу жүргіншілер өткелінің күндіз боялуы салдарынан кептелістің туындауына шағымданған елорда тұрғынына жауап берді.

"Құрметті Астана қаласы әкімдігі. Айтыңыздаршы! Мұндай жұмыстарды Алматыдағыдай түнде істеуге болмай ма? Онсыз да кептеліс көп күндізгі уақытта істеу керек пе?", - деп жазды "Астана — Что? Где? Когда?" Facebook қауымдастығында қоланушылардың бірі.

Ер адамның шағымына қала әкімі назар аударып, жол белгілерін салу жұмыстары ауа райы жағдайына байланысты кеш жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

"Бұл жұмысты сапалы жүргізу үшін ауа температурасы +15 градус болуы керек. Күн жылынған соң, күндіз де түнде де жұмыс істейтін боламыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Мұнымен қатар жол жөндеу жұмыстары да басталады", — деп жауап берді Исекешев.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
2
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір