RU

Атышулы Данияр Кесікбаевтың ата-енесіне елден шығуға тыйым салынды

Жаңа малайзиялық билік Данияр Кесікбаевтың ата-енесін қара тізімге енгізді. Енді Наджиб Разак пен оның жары Росман Мансур елден ешқайда шыға алмайды. Бұл туралы NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Наджиб Разак пен Росман Мансур. Фото: aljazeera.com
Наджиб Разак пен Росман Мансур. Фото: aljazeera.com: UGC

Малайзия экс-премьерінің отбасы әлеуметтік желіде шетелде демалатындарын жазғаннан кейін қара тізімге енгізілген.

Үкіметтің бұрынғы басшысы бұл шешімге қарсы келмеді. Оған шетелге шығуға тыйым салынғанын эмиграция істері бойынша департаментте хабарлаған.

Еске салсақ, қазақстандық Данияр Кесікбаев Малайзия экс-премьерінің қызына үйленіп, ұлды болған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731485-atysuly-daniar-kesikbaevty-ata-enesine-elden-syguga-tyjym-salyndy.html