RU
Күйеу баласы оқ атқан Орал тұрғынына алты сағат бойы ота жасалды
Жаңалықтар Қоғам

Күйеу баласы оқ атқан Орал тұрғынына алты сағат бойы ота жасалды

Рассказать Вконтакте

38 жастағы Орал тұрғыны өз ата-енесіне қарулы шабуыл жасап, егде жастағы әйел қаза табады. Ал оқ тиген ер адам ем ханада хәл үстінде жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Нәдия. КТК арнасынан скриншот

Нәдия. КТК арнасынан скриншот

"Оған оқ атылып, ішінен жарақат алған. Және ішегінен көптеген жарақаттары бар. Түнде алты сағат бойы ота жасалған. Қазір өздігінен демалады. Бірақ, жағдайы ауыр болып саналады", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақбосынова.

Қайғылы жағдай «Құрылысшы» ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Мұнда күдіктінің бұрынғы әйелі ата-анасымен және ұлымен тұрып жатқан.

Заң жүзінде ажыраспаған ерлі-зайыпты бірнеше жылдан бері бөлек тұрыпты. Дегенмен Нәдия Дәулетшина күйеуімен арада ешқандай кикілжің болмағанын айтады.

Атыс болған кезде үйде күдіктінің кішкентай ұлы да жүріпті. Қазір қайғылы жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр. Оқ жаудырған ер адам араға 20 минут салып ұсталған.

"Әкем бізге "Тығылыңдар" деп айтып үлгерді. Оның ішектері үрленіп кеткен. Мен не істерімді білмей, абдырап қалдым. Ұлым екеуміз дәретханаға жасырындық. Кейін есікті ашып қарағанда әкемнің жерде жатқанын көрдім", - дейді Нәдия Дәулетшина.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
7
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel