RU
Алматыда екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Тілендиев және Қарасай батыр көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты. Фото: Sputnik

Жол апаты. Фото: Sputnik

Куәгерлердің сөзіне сенсек, DAEWOO Nexia көлігі Қарасай батыр көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Жүргізуші "Жол бер" деген белгіні елемей немесе байқамай қиылысқа шығып кетеді. Сол кезде Nissan Almero көлігі келе жатқан болатын.

Жол апаты. Фото: Sputnik

Жол апаты. Фото: Sputnik

Nissan тоқтап үлгермей, Nexia көлігін бүйірден соғады. Соққы салдарынан Nissan көлігі жолда шыр көбелек айналып, ал Nexia тротуарға шығып кетіп, металл құбырға соғылады. Көлік әрі қарай қиылыста орналасқан дүкенге соғыла жаздаған.

Жол апаты. Фото: Sputnik

Жол апаты. Фото: Sputnik

Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті – үшеуі Nexia көлігінде, біреуі Almero көлігінде болған. Бәрі емханаға жатқызылды.

Жол апаты. Фото: Sputnik

Жол апаты. Фото: Sputnik

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel