RU
Астанада үш жасар бала 16-қабаттан құлап, қаза тапты
Жаңалықтар Қоғам

Астанада үш жасар бала 16-қабаттан құлап, қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Астанада үш жасар балақай 16-қабаттан құлап көз жұмды. Ақпаратты Ішкі істер министрлігі ТЖК баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Терезе. Көрнекі фото: tula.kp.ru

Терезе. Көрнекі фото: tula.kp.ru

Қайғылы оқиға 13 мамыр күні сағат 12:12-де Иманов көшесіндегі "Рахат" тұрғын үй кешенінде болған.

"Үлкендердің қарауынсыз қалған 2015 жылғы ұл бала 16-қабаттан құлап, қаза тапты", — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

ТЖК кішкентай бүлдіршіндерді көзден таса қылмауға, үйдің терезелерін ашық қалдырмауға, терезе жанына қандай да бір жиһаз қоймауға кеңес береді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
14
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel