RU
Ашушаң күйеу жігіт өзімен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған енесін өлтіріп тастады
Жаңалықтар Әлемде

Ашушаң күйеу жігіт өзімен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған енесін өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Әзірбайжанның Агдаш ауданында Джавад Ибрагимов есімді азамат енесін өлтіргені үшін сот алдына келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Соққыға жығу. Көрнекі фото: Oxu.Az

Соққыға жығу. Көрнекі фото: Oxu.Az

11 қаңтар күні 1958 жылғы Нигяр Намазованың жансыз денесі табылады. Отбасы мүшесі әйелді құлап кеткеннен қаза тапты деп топшылаған. Алайда сот-медициналық сараптама оның өлтірілгенін көрсетті.

Белгілі болғандай, оны бұған дейін істі болған күйеу баласы өлтірген. Джавад Ибрагимов енесін ашу үстінде өлтіріп алғанын алға тартты.

"Енем маған онымен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынды. Сол үшін оны соққыға жыққан едім, алайда өлтіру ойымда болмады", - деп ақталды Джавад.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
15
2
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel