RU
Қайрат Нұртастың концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасаған азамат желіде хит болды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасаған азамат желіде хит болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың Орталық Қазақстанда өткен концертінде белгісіз азамат сүйіктісіне ұсыныс жасады. Жас жігіт ұсыныс жасауға ыңғайлы сәт ретінде әншінің інісі Заңғар өнер көрсеткен уақытты таңдаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас. Фото: Instagram

Қайрат Нұртас. Фото: Instagram

Бұл жайында Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында жариялады.

"Маған жар болуға келісесің бе?", - деген азаматтың сөзінен соң зал қошеметке толып, бойжеткен өз келісімін берген. Осы қуанышқа ортақтасқан Заңғар Нұртас "Махаббат вальсі" әнін орындаған.

Мұны көрген желі қолданушылары екі жасқа бақыт тіледі.

Айта кетейік, күні кеше Қайрат Нұртастың орысша ән жаздырғанын хабарлаған болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір