RU
Алты жасында ағасы сексуалдық азғындық көрсеткен бойжеткен жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Алты жасында ағасы сексуалдық азғындық көрсеткен бойжеткен жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Ақтау тұрғыны Айдана алты жасында туысқан ағасынан сексуалдық азғындық көргенін айтып, жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Sputnik Беларусь

Фото: Sputnik Беларусь

Шағын отбасында дүниеге келген Айдананың әкесі жұмыссыз болған. Ал анасы жиі іссапарларға кетіп қалып отырыпты. Сондай күндердің бірінде отбасының үйіне әкесінің туысы келеді.

"Туысқан ағамның үш баласы бар. Біздің отбасымен достық қарым-қатынаста болатын. Сол күні әкем ағаммен бірге ішімдік ішті. Қатты масайған әкем қалың ұйқыға кетті.

Түннің бір уағында ағам мені көрші бөлмеге алып кетіп, тыр жалаңаштандыра бастады. Әуретті жерлеріме қол жүгіртіп, ұятсыз әрекеттерге баруымды сұрай бастады", - деп есіне алды ару.

Ол кезде небәрі алты жаста болған Айдана ер адамның әрекеттері дұрыс еместігін сезе бастап, жылауға кіріседі.

"Оның сұрағандарын істеуден бас тартып, жылай бастадым. Ол мені балмұздақпен алдамақ болды. Алайда ақыры өз бөлмеме қайта апарып тастады. Таңертең әкем оятқанда мені тиіспеуін сұраумен болдым.

Әкем таң қалса да, неге өзімді олай ұстағанымды сұраған жоқ. Бұл жайтты ұмытуға тырыстым. Сөзіме ешкім сенбейтіндей көрінгесін анама да бұл жағдайды айтпадым", - деп жалғастырды бойжеткен.

Айдананың әкесі көп ұзамай қайтыс болады. Ал Айдана басынан өткерген жағдайды сол беті ешкімге айтпаған.

"Бұл туралы анама айтқым келмейді. Ол өзін кінәлай бастайды. Оның үстіне ағам бүгінде намаз оқып, немерелерін бағып отырған ақсақалға айналды", - дейді ару.

Бойжеткен барлық ата-аналарға балаларына қамқор болып, туыстарын үйінде қондырғанда барынша абай болуға шақырды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
5
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір