RU

30 мың бургер жеп қойған қомағай кісі әлемдік рекорд жаңартты

Америкалық Дон Горске 30 мың бургер жеп, әлем рекордын жаңартты. Бұл туралы NUR.KZ порталы journalist.today сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дон. Фото: journalist.today
Дон. Фото: journalist.today: UGC

64 жастағы азамат мұндай ессіз қадамға досымен бәстескеннен кейін барған. Ер адам әдетте аптасына 14 бургер жейді екен. 44 жыл өмірінде тек сегіз күнін бургерсіз өткізген Дон денсаулығында айтарлықтай кінәрат жоқтығын алға тартты.

Ол досымен наурыздың ортасында бәстесіп, мамыр айына дейін тоқтаусыз 30 мың бургер жеген.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731556-30-my-burger-zep-kojgan-komagaj-kisi-lemdik-rekord-zaartty.html