RU
Ғашығына сенген қарағандылық қыз миллиондаған қарызға батып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ғашығына сенген қарағандылық қыз миллиондаған қарызға батып қалды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда 30 жастағы Анна есімді әйел ғашығының сөзіне алданып, екі миллион теңгеге кердит алады. Алайда күйеу жігіт әйелдің ақшасын қалтасына басып, алдап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Бойжеткен. Көрнекі фото: psychostep.ru

Бойжеткен. Көрнекі фото: psychostep.ru

Анна 36 жастағы Давидпен кафелердің бірінде танысады. Бір апта ішінде әйелдің басын әбден айналдырған азамат оны бірге тұруға көндіреді.

"Басында бәрі сондай мінсіз болды. Ол өте мейірімді болатын. Гүлдер сыйлап, көңілімді аулайтын. Мен оған ғашық болып қалдым. Бір аптадан кейін оның пәтеріне көшіп бардым.

Оның өмірлік бақытым екеніне риясыз сендім. Қазан айында бірге Америкаға кететінімізді айтатын. Керемет отбасы болатынымызды айтып, жоспарлар да құратын. Мен сол ертегіге сеніп қалдым", - дейді Анна.

Аннаның айтуынша, Давид оны туыстарымен таныстырып, тіпті болашақ жары ретінде көрсететін. Анна мұның бәрі ақша үшін екенін мүлде сезбеген.

"Ол кішігірім ЖШС ашқанын айтып, тендер ұтуға ақшасы жетпей жатқандығын алға тартты. Оның сөзіне мүлде күмәнданбастан 1 миллион теңгеге кредит алдым.

Бірнеше күн өткенде тағы да көмектесуімді сұрады. Мен 580 мың теңгеге тағы да кредит алдым. Содан кейін үшінші, төртінші кредиттер кетті. Барлығы 2 миллион теңгеге қарызға батып, өз жиған-терген 500 мыңымды да бере салдым. Алайда содан кейін ол өзгеріп сала берді", - дейді ару.

Анна Давидтің қарыздарды мүлде төлемей қойғанын есіне алды.

"Ол күрт өзгеріп шықты. Мен одан төрт несие бойынша төлем жасауын жалбарынып сұрадым. Себебі жалақым небәрі 140 мың теңге, ал кредиттерім айына 300 мың теңге еді. Алайда ол міз бақпады. Мен оның үстінен полицияға шағым түсірдім", - дейді Анна.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
8
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір