RU
Қазақстандық бизнесмен Британияның ең бай адамдары тізіміне енді
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық бизнесмен Британияның ең бай адамдары тізіміне енді

Рассказать Вконтакте

Sunday Times басылымы Британиядағы ең бай адамдардың жылдық тізімін жария етті. Бұл тізімге аталмыш елде қыруар қаражатымен көзге түскен шетелдіктер де енген деп хабарлайды "Русская служба Би-би-си" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Владимир Ким. Фото: Mediaunion.kz

Владимир Ким. Фото: Mediaunion.kz

Тізімде Англияға қатысы бар КСРО-ның 16 тумасы енген. Британияның ең бай адамдары қатарында қазақстандық бизнесмен Владимир Ким де жүр.

Владимир Ким Sunday Times тізімінде 93 орынға жайғасқан. Оның мүлкі 1,4 млрд фунт стерлингке (1,9 млрд доллар) бағаланды.

Бұл 2017 жылғы көрсеткішінен 790 миллион фунтқа артық сома.

Ким - түрлі-түсті металл өндіретін KAZ Minerals тобының президенті әрі ірі акционері, сонымен қатар "Қазақмыс" холдингінің президенті.

KAZ Minerals Лондонда да танымал және оның акциялары лондондық биржаларға қатысады.

57 жастағы азаматтың Лондон орталығында кемі 20 млн фунт тұратын пәтері бар. Ол уақытының көп бөлігін Алматыда өткізеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
1
0
2
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір