RU
Қазақстан емес, Қабатовстан: Айтыскер ақын эфирден түспейтін Тұрсынбекті сынға алды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан емес, Қабатовстан: Айтыскер ақын эфирден түспейтін Тұрсынбекті сынға алды

Рассказать Вконтакте

Танымал айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы Тұрсынбек Қабатовты эфирден түсірмейтін "Қазақстан" ұлттық арнасын сынға алды деп хабарлайды ақынның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Танымал ақын Тұрсынбек Қабатовты қатаң сынға алды

Танымал ақын Тұрсынбек Қабатовты қатаң сынға алды

Ақын Тұрсынбек Қабатовтың әзіл-сықақ бағдарламаларымен эфирді толтыратын "Қазақстан" арнасына өзінің ренішін жеткізді.

"Қазақстан" ұлттық арнасын "Қабатовстан" арнасы деп атай береміз-ау. Бір емес, бірнеше бағдарламасын ең ыңғайлы уақытта көлдей ғып эфирден көрсетеді. Көрсетсін, мақұл, аман болсын. Бірақ, неге айтысты бөрі тартқан тоқтыдай қылып жұлмалайды екен, ә.

Әзіл ойдан жоғары, күлкі тағылымнан жоғары болды деген осы міне. Бір айтысымыз шығып еді, 40 минуттық айтысты 17 минуттық қылып арасын әкәку-сәкәкумен толтырған да тастаған. Өз сөзімізді өзіміз танымай отырмыз, басқаларға өкпе бар ма...

...Ішіңнен мойындағың келмесе де,

Ағайын ақиқат деп осыны біл.

Тұрсынбек Кәкішовтің емес қазір,

Тұрсынбек Қабатовтың ғасыры бұл", - деп жазды ол.

"Дайындық жағы ақсап тұрғаны көзге ұрып тұрса да, қызармай ұлттық арнадан көрсетіле беретініне таң қалам. Саны көбейіп сапасы кетіп қалады осылай... Айтысты отбасымызбен рахаттанып қараймыз", "Айтысты жексенбіде күтіп отырып қараймыз. Балалардың санасына сіңе берсін деп... Риза болған шумақ, тіркестерді талқылауға тырысамыз. Қуғынбайлардың дəурені жүріп тұр ғой. Сапалы қуса қуанамыз ғой. Лағеп кеткендерін өздері байқамай қалады ау деймін", - деді оған пікір жазған желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
20
2
2
4
7
87
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel