Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас тартпаймын: Ақылбек Жеменейге күйеуі бар келіншек сезім білдірді

Опубликовано:

Отандық әнші Ақылбек Жеменейге отбасылы келіншек сезім білдіріп, ашық хат жазған. Ол күйеуінен таяқ жесе де, әншінің тыңдарманы болып қала беретінін жеткізіпті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ақылбек Жеменей. Фото: Instagram
Ақылбек Жеменей. Фото: Instagram: UGC

Тыңдарманынан сезімге толы хат алған әнші оны Instagram парақшасына мақтанып салып қойған.

Белгісіз келіншек: "Сен сияқты әнді ешкім айта алмайды. Шынымды айтсам, қанша жерден тұрмыста болсам да, күйеуімнен таяқ жесем де, сенің өлеңдеріңнен бас тартпаймын. Тыңдай беремін. Ол маған басқа өлең тыңда дейді. Бірақ мен неге екені білмеймін, бала күнімнен тыңдаймын сіздің өлеңдеріңізді", - деп жазған хатында.

Ал әнші: "Нағыз тыңдарманымнан келген хаттардан. Құдай қаласа осындай нағыз тыңдармандарымның құрметiне жақында екi жаңа ән", - деді Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731581-bas-tartpajmyn-akylbek-zemenejge-kjeui-bar-kelinsek-sezim-bildirdi/

pixel