RU
30 жастағы ұстазымен қашып кеткен оқушы ата-анасын жылатып қойды
Жаңалықтар Әлемде

30 жастағы ұстазымен қашып кеткен оқушы ата-анасын жылатып қойды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Хаттисберг қаласында 30 жастағы мұғалім Николь Джексон оқушысымен жыныстық қатынасқа түскені үшін іздестірілуде. Ал жасөспірім ұстазымен бірге ата-анасынан қашып кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұстаз бен оқушысы. Фото: kaktus.media

Ұстаз бен оқушысы. Фото: kaktus.media

Наурыздың басында полиция 30 жастағы Николь Джексонның үстінен қылмыстық іс қозғайды. 16 жастағы Оскар есімді оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен әйел онымен бірге қашып кетеді.

Оскар ата-анасына бұл әрекеті үшін оны кешіруін сұрап, хат қалдырған. Баласы ұстазымен кетіп қалғанын білген ата-анасы көз жасын тоқтата алмайды. Олар Никольдан баласын қайтаруды өтініп, тіпті теледидарда тікелей эфирге шыққан.

Оскар он күннен кейін ата-анасына өзі қайтып оралды. Ал Николь әлі күнге дейін ізін жасырып жүр. Айта кетерлігі, 30 жастағы ұстаз отбасылы және екі баласы бар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel