RU

Түркияда екі ұшақ соқтығысып қалды (фото)

Стамбулдағы Ататүрк халықаралық әуежайында екі жолаушылар ұшағы соқтығысып қалды. Бұл туарлы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

Белгілі болғандай, әуежайда Оңтүстік Кореяның Asiana компаниясына тиесілі ұшақ жермен жүріп бара жатып, жергілікті Turkish Airlines-тың A321 маркалы ұшағының қанатын соғып өтеді.

Оқыс оқиғадан жәбірленушілер тіркелмеген. Алайда соғылған ұшақтың қанаты түсіп, ұшуға жарамсыз болып қалды.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731584-trkiada-eki-sak-soktygysyp-kaldy-foto.html