Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде қол ұстасқан қос ғашық 14-ші қабаттан секіріп кетті

Опубликовано:

Ресей астанасында 17 жастағы жасөспірімдер тұрғын үйдің 14-ші қабатынан секіріп кетті. Оқиға орнына келіп жеткен мамандар өлім уақытын тіркеуге ғана қауқарлы болған. Оған қоса екі жас қолдарын бір-біріне кісендеп секіргені белгілі болды деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ProUA.com.ua
Фото: ProUA.com.ua: UGC

Мәскеуде 14-ші қабаттан екі жасөспірім секіріп кетті. Биіктен құлағаннан алған аса ауыр жарақат салдарынан қыз бен ер бала оқиға орнында жан тапсырды.

Жедел жәрдем мамандары оларды құтқаруға қауқарсыз болғандықтан, қолдарынан тек қана өлімнің нақты уақытын тіркеу ғана келді. Дәрігерлердің айтуынша, жастардың денсаулығына келтірілген зақымдар өмір сүруге мүмкіндік бермеген.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екі жасөспірім қолдарын бір-біріне кісендеулі күйде қол ұстасып секіріп кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдардың қасынан хат табылған. Онда жастар өздерін бір-бірінің жанына жерлеулерін өтінгені анықталды.

Қазіргі таңда, тергеу жұмыстары жасөспірімдердің өмірмен қош айтысуына не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1731587-mskeude-kol-staskan-kos-gasyk-14-si-kabattan-sekirip-ketti/

pixel