Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарақат Әбілдинаның анасы сырқаттанып, ауруханаға түсті

Опубликовано:

Қарақат Әлілдина анасы Қаламқастың сырқаттанып қалғанын айтып, желі қолданушыларынан дұға тілеуін өтінді деп жазады NUR.KZ.

Қарақат. Фото: Instagram
Қарақат. Фото: Instagram: UGC

Анасының қазіргі уақытта сырқаттанып ауруханаға түскенін айтқан әнші, ол кісінің тілеуін тілеп отырғандарын жеткізді.

"Қызымның нағашы әжесі сырқаттанып, ауруxанаға жатып қалған еді. Алла дертіне шипасын беріп қуанышымыздың ортасында болса екен деп, тілеуін тілеп отырмыз. ИншАллах дұға тілектеріміз қабыл болсын.

Баршамызға жақсы амал жасауды нәсіп етсін. Ақ жаулықты аналар қауымына дұға жасап жатсаңыздар, менің анам Қаламқасты да қосып қойсаңыздар деген өтінішім де бар. Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қашанда қабыл болады ғой, ин ша Алла. Бауырымыз бүтін, деніміз сау, жақындарымыз аман болсын", - деді әнші.

Ал желі қолданушылары әншінің анасына амандық тілеп, жазылып кетуіне дұға етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731598-karakat-bildinany-anasy-syrkattanyp-auruhanaga-tsti/

pixel