RU
ОҚО-да тауға шыққан жас жігіт жоғалып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ОҚО-да тауға шыққан жас жігіт жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

13 мамыр күні Төлеби ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне демалуға шыққан жастардың арасынан бір азамат адасып кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

ОҚО-да тауға шыққан жас жігіт жоғалып кетті. Фото: ТЖК

ОҚО-да тауға шыққан жас жігіт жоғалып кетті. Фото: ТЖК

Осыдан кейін достары облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлаған. Бүгін таңертең яғни, 14 мамыр күні құтқарушы топ жоғалған жігітті іздеуге шықты.

"Құтқарушылар таңғы сағат бестен бастап іздеу жұмыстарын бастады. Төлеби ауданындағы тау аймақтарында іздеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін Төтенше жағдай департаментінен бес құтқарушы және 1 техника жұмылдырылған", - деп хабарлайды ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, құтқарушылар 13 мамыр күні Төлеби ауданы Алатау ауылдық округіндегі «Ақмешіт» шатқалында тауға серуенге шығып, өздігінен түсе алмаған екі жігітті құтқару бойынша операция жүргізді.

Құтқару жұмыстары бес сағаттан аса жүргізіліп, құламалы еңістерден адамдарды шығару оңайға соқпаған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel