RU

Париждегі әйгілі мұражайды қонақтар тыр жалаңаш аралап шықты (фото)

Париждің Токио қалашығындағы заманауи өнер мұражайын келушілер тырдай жалаңаш аралап шықты. Нудистерге арналған бұл шара жайлы 2017 жылдың наурызында айтылған болатын Ал билеттер сатылымға шығып, 2 күнде сатылып кеткен деп хабарлайды artchive.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:artchive.ru
Фото:artchive.ru: UGC

Ерекше шараға бастапқыда тұрғындар қарсылық білдіргенімен, жалаңаш кештен соң 2 миллион адам сайтқа кіріп мұражайды тамашалапты. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде 30 мыңнан астам адам жазбамен бөліскен.

Фото:artchive.ru
Фото:artchive.ru: UGC

Қоғамның наразылығын тудырған түні мұражайға әлемнің ең мықты он суретшісінің туындылары қойылыпты.

Айта кетейік, Токио қалашығы жалаңаш келушілерді қабылдаған алғашқы мәдениет орыны емес. Осыған дейін Вена қаласындағы мұражай да осы тәжірибені жасап көрген болатын.

Фото:artchive.ru
Фото:artchive.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731604-parizdegi-jgili-mrazajdy-konaktar-tyr-zalaas-aralap-sykty-foto.html