RU
Бетіне қышқыл төгілген ару отадан кейін хас сұлуға айналды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Бетіне қышқыл төгілген ару отадан кейін хас сұлуға айналды (фото)

Рассказать Вконтакте

21 жастағы Решам Хан өз сұлулығымен ерлер қауымының үлкен қызығушылығына ие болды. Алайда өзінің мінсіз мүсіні кесірінен бойжеткеннің басынан аса ауыр жағдай өткен. Белгісіз біреу өнер академиясы түлегінің түрін адам танымастай етпек болып, бетіне қышқыл шашып кеткен деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Решам Хан өнер академиясындағы оқуымен қатар модель болып қосымша жұмыс істеген. Өзінің табиғи сұлулығымен ерекшеленген арудың ерлер қауымы арасынан өзіндік табынушылар тобы да құрылып қалған-ды.

Солардың бірі орын алған жауапсыз махаббат салдарынан бойжеткеннің түрін адам танымастай өзгертпек болып, Решамның бетіне қышқыл шашып жіберген.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Өзінің туған күнінде осындай оқиғаға тап болған ару ұзақ уақыт бойы өз-өзіне келе алмаған. Бастапқы үш айда мүлдем үйінен шықпаған ол сұлулығынан мәңгілікке қол үздім деп санады.

Решам Хан өзінің оқиғадан кейінгі жағдайымен әлеуметтік желідегі оқырмандарымен белсенді түрде бөлісіп отырды. Ол тіпті жақын маңдағы дүкенге баруға ұялатынын айтқан. Бойжеткен бетіндегі жарақаттардың іздері мәңгіге қалып, оның түрінен адамдар шошиды деп ойлады.

Алайда, бес ай уақыт өткен соң дәрігерлердің ерең еңбегі мен кәсіби жасалынған пластикалық оталар арқасында бойжеткеннің бейнесі қалпына келді. Тіпті достарының айтуынша, Решамның түрі бұрынғыдан да әдемірек болып шыққан.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Достарының көмегі 21 жастағы қызға елеулі болды. Олар ауыр жағдайға тап болған құрбыларының пластикалық отасы үшін қайырымдылық қорын ашып, қажетті қаражатты жинауға атсалысты.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
32
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel