RU
15 адамды өлтіріп, артынша мәйіттерін зорлаған ер адам түрмеде қайтыс болды
Жаңалықтар Әлемде

15 адамды өлтіріп, артынша мәйіттерін зорлаған ер адам түрмеде қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

72 жастағы қылмыскер-некрофил Деннис Нильсен ұлыбританиялық түрмелердің бірінде құрсақ қуысына жасалған ота кезінде көз жұмды. Бұрындары мемлекеттік қызметкер болған ер адам 15 адамды өлтіріп, артынша олардың мәйіттерімен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталған болатын деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua
Source: UGC

1970-1980 жылдары мемлекеттік қызметте болған Деннис Нильсен 15 адам өмірін қыршынынан қиған. Қылмыскер құрбандарының көбі үй-күйсіз жүрген гомосекуалистер болды.

Өз қылмыстарын некрофил Лондон солтүстігінде орналасқан үйінде жасаған. Ол адамдарды алдымен өлтіріп, артынан олардың мәйітімен жыныстық қатынасқа түсіп отырды.

Деннис Нильсеннің адам шошырлық әрекеті үйінің маңынан табылған мәйіт қалдықтарының арқасында әшкереленген. 1983 жылы оны 25 жылға соттаса, ал 1994 жылы өмір бойы бас бостандығынан айыру үкіміне ие болды.

Жазасын түрмеде өтеп жатқан Нильсен ішектерінің қатты ауыратынын айтқан болатын. Нәтижесінде оған жедел түрде ота жасалынған. Алайда отадан кейін ауру мүлдем асқынып кетіп қылмыскер қайтыс болды. Некрофил 72 жасында көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
4
1
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel