RU
Көпшілікпен бір ұшақта отыруға намыстанған "байдың қызы" жұрттың ашуын келтірді
Жаңалықтар Әлемде

Көпшілікпен бір ұшақта отыруға намыстанған "байдың қызы" жұрттың ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

Ресейлік олигарх Александр Чигиринскийдің қызы Ирина 14 жасында басынан өткен аса ауыр оқиғасымен бөліспек болып, жұрт наразылығын тудырды. Ерке болып өскен қыз бала ұшақта қарапайым адамдармен отырғысы келмегенін айтып желі қолданушылар қаһарына іліккен деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

17 жастағы Ирина үш жыл бұрын басынан өткен оқиғасымен Instagram желісінде жүргізген тікелей эфирі кезінде бөліскен. Бойжеткеннің айтуынша, әкесінің жеке ұшағымен ғана ұшып үйреніп қалған ол, 14 жасында қоғамдық әуе кемесіне кіріп қалып, қатты шошынған.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Ол бірден ұшақ қызметкеріне "Мыналардың бәрі бізбен ұшады ма?" деп сұрағанын да жасырмады.

"Бұл мен үшін үлкен өмірлік сабақ болды. Енді көпшілікпен ұшпаспын деп сөз бердім", - деп өз пікірін білдірді 17 жастағы қыз бала.

Тікелей эфирді қарап отырған желі қолданушыларын бай қызының айтқан сөздері қатты ашуландырды. Қарапайым адамдар арасында болудан намыстанған Иринаны наразы оқырмандар қауымы сөгіп тастады.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Көпшілік ерке-тотай болып өскен қызға дұрыс тәрбие бермеген ата-анасын да сынға алды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
2
2
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір