RU
Ақтөбедегі лифтілердің бірінде ер адам бойжеткенге тап берді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбедегі лифтілердің бірінде ер адам бойжеткенге тап берді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан үйлердің біріндегі лифтіде бойжеткенге белгісіз ер адам шабуыл жасады. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Лифт. Фото: hdfootagebox.com

Лифт. Фото: hdfootagebox.com

Басылымның мәліметіне сәйкес, күдікті өз құрбанын тоғызыншы қабатта торуылдаған. Бойжеткенді көре сала, онымен бірге лифтіге кірген ұры құрбанына тап береді.

38 жастағы ер адам бойжеткенді тұншықтырып, сөмкесін, телефоны мен ақшасын тартып алады. Содан кейін ізін жасырған ұрыны полицейлер бір апта өткенде қолға түсірді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel