RU
Ақтөбедегі әкімдіктің есігін қиратқан адамның кім екені анықталды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбедегі әкімдіктің есігін қиратқан адамның кім екені анықталды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде облыс әкімдігіне көлігімен кіріп барған тұрғынның оқиғасы әлі де елді шулатып тұр. Биік сатысы бар облыстың бас ғимаратын қиратып тастаған оқиғадан әркім әртүрлі саяси жағдай іздеп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ақтөбедегі әкімдіктің есігін қиратқан адамның кім екені анықталды (фото)

Ақтөбедегі әкімдіктің есігін қиратқан адамның кім екені анықталды (фото)

«Атышулы «Төрт ағайынды» соты аяқталуға жақын…», «Ақтөбеде теракт оқиғалары маусым айына жақын басталады…», «Ақтөбеде соңғы кезде істі болған кәсіпкерлер көбейіп кетті…», «Өш алып жатқан жоқ па?», - деген қауесеттер әлеуметтік желілерде өріп жүр.

Қазіргі уақытта Бердібек Сапарбаев отыратын облыс әкімдігінің есігін қиратып кірген адамның кім екені белгілі болды.

Ақтөбедегі әкімдіктің есігін қиратқан адамның кім екені анықталды (фото)

Ақтөбедегі әкімдіктің есігін қиратқан адамның кім екені анықталды (фото)

Анапин Бауыржан Сейтжанұлы 53 жаста. Үш баласы бар. Бес жалдан бері құрылыс саласында кәсіппен айналысып жүр. Кәсіпкердің «Нұр Отан» партиясының белді мүшесі екені де белгілі болды.

Жағдайды NUR.KZ порталына Бауыржан Анапиннің туған ағасы баяндап берді. Туыстары да оқиғадан есеңгіреп қалғандарын айтады.

Ақтөбедегі әкімдіктің есігін қиратқан адамның кім екені анықталды (фото)

Ақтөбедегі әкімдіктің есігін қиратқан адамның кім екені анықталды (фото)

«Бауыржан менің туған інім. Әкімшілікте болған жағдайды естіп, өзіміз де сене алар емеспіз. Соңғы кездері отбасылық жағдайы қиындап жүрді. Өзінің артық әңгімесі жоқ бала. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Бұрын салықта жұмыс істеді, жағдайлары жақсы кәсіпкер болатын. Әйелі екеуі келіспей қалған деп естідім. Мен өзім Шалқар ауданында тұрамын. Бауырым қалада тұрады. Бес жылдан бері Ресеймен басланысып, кәсіппен айналысып жүр», - дейді әкімдікке көлігімен кіріп кеткен кәсіпкердің ағасы Бақытжан Анапин.

Туыстары оқыс оқиғаны тежегіштің істемей қалуынан болған деп отыр. Кәсіпкер жақсы жалақы алатын әйелімен де келісе алмай жүрген.

«Тежегіш сол кезде жасамай қалған дегенді естідік. Өмірден түңілетіндей адам емес. Үш баласы да ержетіп қалды: Үлкені Чехияда оқып жатыр. Қызы биыл мектеп бітіріп, Жапонияға барғысы келіп жүр. Кіші баласы мектепте оқиды. Мәдениетті отбасы.

Анапиндер отбасын бүкіл Ақтөбе біледі. Болған оқиғаның терроризммен еш байланысы жоқ. Саяси оқиғаларға да еш қатысы жоқ. Соңғы кездері отбасы жағдайы дұрыс болмай жүр. Әйелі қыдырып кетті…

Ақтөбедегі әкімдіктің есігін қиратқан адамның кім екені анықталды (фото)

Ақтөбедегі әкімдіктің есігін қиратқан адамның кім екені анықталды (фото)

Келініміз жақсы жалақы алатын жұмысқа тұрып, кейін бірдеңе болды. Төрт бөлмелі үйлерінде жақсы тұратын. Бәрі жақсы болып келе жатқанда сынып кеткен ер адамға қиын. Әйелі нашар. Інімізбен араластырмайды. Кешегі жағдайда хабарласқанымызда «жұмыстамын» деп басын ауыртып отырған жоқ», - дейді ол.

Туыстары әкімдік қызметкерлерінің өздері сенсация іздеп кетті деген пікірде.

«Әкімшіліктің ішінде отырып суретке түсірген адам дұрыс жасамады. Ол сырттың адамы емес шығар. Өздері отырып, бүкіл облысқа ұят жасап жіберді. Суретке түсіріп, салып жіберген. Сенсация жасағысы келгендей ұят болды. Әкімдікке өрмелеп шығып соғатындай інім танкі айдаған адам емес. Тежегіш жасамай қалуы мүмкін», - дейді ағасы Бақытжан Анапин.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
3
8
2
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір