Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әжетханаға шығып оралмаған: Атырауда жоғалып кеткен қыз Қызылордадан табылды

Опубликовано:

Атырауға қарасты Құрманғазы ауданының тұрғыны 5 мамыр күні үйінен шығып кетіп оралмады. Бірнеше күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері 18 жастағы бойжеткенді ұялы телефон сигналы арқылы тауып алған деп хабарлайды "Мой Город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: UGC

5 мамыр күні әжетханаға шығып үйіне қайта оралмаған қызды тәртіп сақшылары бірнеше күн бойы іздестіріп, Қызылорда облысынан тауып алды.

Полицейлер 18 жастағы бойжеткеннің қайда екенін ұялы телефон сигналы арқылы анықтаған. Алина отырған көлік Қызылорда облысына қарай беттеп бара жатқаны белгілі болды.

Қыз бала үйіне дін-аман оралды. Туыстарының айтуынша, бойжеткен Қызылордаға өзінің сүйіктісімен бірге кетіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731661-zethanaga-sygyp-oralmagan-atyrauda-zogalyp-ketken-kyz-kyzylordadan-tabyldy/

pixel