RU
Бір кездескен әйелден құтыла алмай қойған жігіт полициядан көмек сұрады
Жаңалықтар Әлемде

Бір кездескен әйелден құтыла алмай қойған жігіт полициядан көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Аризона штатының астанасы Финикстің 31 жастағы тұрғыны Жаклин Эйдс ғашығының жұмысына барып, өзін оның әйелі ретінде таныстырып тұрған жерінде құрықталды. Бұл туралы Life.ru сайтынга сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Жаклин өзінің ғашығымен ғаламторда танысып, бір-ақ рет кездескен екен. Соның өзінде ол жігітті қатты ұнатып үлгерген.

Сезімге берілген әйел жігіттің үйін қарауылдап, күн сайын 500-ге жуық хабарлама жазып отырған. Сондай-ақ, оны қорқытып, өзін Гитлерге теңейді екен.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Әбден үрейі ұшқан жігіт полицияға хабарласып көмек сұрайды. Тәртіп сақшылары оны бірнеше күн бойы жұмысынан үйіне дейін шығарып салып жүріпті.

Бірақ ол үйіне келмей тұрып, онда Жаклин кіріп алады екен.

"Сенің қаныңа шомылғым келеді... Мені тастаймын деп ойлаушы болма... Мен сені өлтіремін... Бірақ сенің өміріңді қиғым келмейді", - деп жазған Жаклин.
Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Бір күні ол жігіттің жұмысына келіп, өзін оның әйелі ретінде таныстырған. Нәтижесінде тәртіп сақшылары Жаклинді кеңседен құрықтап әкетті.

Айыпталушының сөзіне сүйенсек, ол жігітке шын мәнінде ешқандай зиян келтіруді ойламаған. Бар болғаны оны қатты ұнатып қалғандықтан, қорқытып жүрген екен.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
2
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel