RU
Бас мүфти қасиетті Рамазан айында тойларды арақ-шарапсыз өткізуді ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Бас мүфти қасиетті Рамазан айында тойларды арақ-шарапсыз өткізуді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қасиетті рамазан айының келуіне орай баспасөз мәслихатын өткізді деп хабарлайды Muftyat.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бас мүфти
«Оразада әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Хадис-шарифте айтылғандай, «адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады».

Осы ретте отандастарымды материалдық көмекке мұқтаж жандарға көңіл бөліп, қайырымдылық іс-шараларға белсенді түрде атсалысуға шақырамын.

Кәсіпкерлерді рамазанның құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға, жол-көлік ақысына жеңілдіктер жасауға үндейміз.

Қасиетті айда қараусыз қалған қарттар мен мүгедектерге, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға, науқас адамдарға барынша қамқорлығымызды көрсетейік, ардақты ағайын!

Бір адамды қуанышқа бөлеу – садақа.

Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегімді білдіремін», – деді бірінші сөз алған Бас мүфти.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір