RU

Қатерлі ісіктен қорқынышты күйге түскен әйел: Өзімді сұлу әрі бақытты сезінемін

27 жастағы африкалық әйел сегіз жыл бойы қатерлі ісік ауруымен арпалысып, бұрынғы қалпына қайта келді. Дәрігерлер оның бетіндегі ісікті алып тастаған соң, ол сұлу келіншек болғанын айтып қуанған. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

"Мен өзімнің келбетімнен ұялғаным соншалық, үйден шықпай, бетімді орамалмен жауып жүретінмін. Алайда Mercy Ships қайырымдылық қорының арқасында барлығы қорқынышты түстей артта қалды.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Ота жасалғаннан кейін өзімді әдемі әрі бақытты сезінетін болдым. Қалаған жеріме барып, бетімді ашып жүре аламын", - дейді Яя есімді әйел.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Айта кетейік, Яяның бетіндегі ісік сегіз жыл бойы өсіп, мойнына дейін жайылып кеткен. Сегіз жасар қызын жалғыз асырайтын әйелдің осыған дейін емделуге ақшасы болмапты.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731680-katerli-isikten-korkynysty-kjge-tsken-jel-zimdi-slu-ri-bakytty-sezinemin.html