RU
ІІМ орынбасары: Әр балаға бір құтқарушы бөліп беретін жағдайымыз жоқ
Жаңалықтар Қоғам

ІІМ орынбасары: Әр балаға бір құтқарушы бөліп беретін жағдайымыз жоқ

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі елордада он алтыншы қабаттан құлаған сәбидің өліміне және Алматы облысында екі баланың суға кетуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ІІМ 16
"Ең бірінші ата-ана мұқият болуы тиіс. Бала тұрғын үйден емес, эвакуациялық шығудың баспалдағынан құлап кеткен.

Біз мектептерде, балабақшалар мен медициналық мекемелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тырысамыз. Алда жүзу маусымы басталады, жағажайда балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

Кеше Алматы облысында қайғылы оқиға болды. Демек, баласы үшін ата-ана жауапты. Әр балаға, әр тұрғынға құтқарушы бөліп, бұл жер қауіпті деп айта алмаймыз ғой.

Қауіпсіздік амалдарын ата-ананың өзі қарастыруы қажет", — деді ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Ильин атап өткендей, ІІМ қазір мәдениет және демалыс орындарын тексеріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel