RU
"Жақтан салып жібер": Әбден күйінген азамат Замираның күйеуіне хат жазды
Жаңалықтар Қоғам

"Жақтан салып жібер": Әбден күйінген азамат Замираның күйеуіне хат жазды

Рассказать Вконтакте

Елді дүрліктірген "Қалаулым" бағдарламасының экс-қатысушысы Замира Сұлтан ер-азаматтардың намысына тиіп, өзінің төсекте "тәжірибелі" екенін айтып, мақтанған еді. Осы орайда желі қолданушыларының бірі Замираның бұрынғы күйеуіне хат жазып, ескі махаббатын тоқтатуды сұрады деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Замира

Замира Сұлтан

«Замираның күйеуімін... Қалжыңдаймын, ойбай. Құдай сақтасын. Басқа салмасын. Бірақ, Замираның бұрынғы байына бір бұйымтайым бар, айтар. Тыңда бауырым... Мынауыңа тоқта де, тіліңді алса. Намысың болса бар да, жағынан тартып жібер.

Бұрынғы байы деген атың бар, қалай шыдап жүрсің? Намысың қайда? Қайда жүрсе де сені кемсітіп, сені жер қылып жүргенін көрмейсің бе?

"Көзіне шөп салдым. Басқа еркекпен жаттым" дейді. Бойыңда жаның болса Замираның аузына қақпай қой!

Байзақовадан бетер болды мына Замира. Одан бұрын балаларыма кері әсер етіп жатыр. Есейіп қалған. Замираның секс, төсек туралы айтқан Инстаграмдағы видеоларын көріпті.

Жарайды, оған тыйым салдым. Ертесіне қарасам "Еуразия" арнасында отыр. Ұялмай, қызармай, "қара нәсілдінің ана жері үлкен" дейді. Үйде үлкен кісілер бар, қарабет болдым. Арна ауыстырып та үлгермедім.

Ойлап көрші, сенің бұрынғы әйелің телеарнада, бағдарламада осылай көкіп отыр. Әй, ұят бар ма онда?

"Замираның бұрынғы күйеуімін, бұл бетпақты өзім орнына қоямын", - деп сен шықпасаң, басқамыз бұған қой дей алмаймыз.

Бауырым, Замираның бұрынғы күйеуі егер бұл өмірде бар болсаң, өзің қыр-сырын білетін ана әйеліңді теже!», – деп жазaды ол өзінің желідегі парақшасында.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
22
1
5
1
2
34
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір