RU
Әкесін "Қалаулымнан" көріп қалған бойжеткен өз-өзіне қол салмақ болған
Жаңалықтар Қоғам

Әкесін "Қалаулымнан" көріп қалған бойжеткен өз-өзіне қол салмақ болған

Рассказать Вконтакте

"Қалаулым" бағдарламасының бүгінгі бөлімінде Индира есімді әйелге үміткер ретінде келген жасы 50-дегі азаматтың баласы тікелей эфирде әкесімен жанжалдасып қалды. Телефон арқылы студияға хабарласқан ұлының айтуынша, қарындасы әкесін теледидардан көріп, өзіне өзі қол салмақ болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Әкесін "Қалаулымнан" көріп қалған қыз өзіне өзі қол салмақ болған

Әкесін "Қалаулымнан" көріп қалған қыз өзіне өзі қол салмақ болған

Бұл туралы rgmedia.kz жазады.

«Қалаулым» бағдарламасының бүгінгі бөлімінде жасы 50-ге қарай кеткен ер азамат төбе көрсетті. Ол Индира есімді әйелге жүрегін ұсынушы үміткер болып келді.

Бағларлама барысында әйел іздеген ер азамат пен оның ұлы тікелей эфирде телефон арқылы бір-бірімен ренжісіп қалды. Сөйтсек, әйелінен ажыраған ер азаматтың ержетіп қалған ұлы мен бойжеткен қыздары бар екен.

Ол бағдарлама кезінде әкесіне өкпе-назын айтты.

“Әкеміздің “Қалаулынан” жар іздеп жүргенін көрдік. Бұл бізге оңай тиген жоқ. Мені, анамды ойламаса да, бес қызын, кәмілетке толмаған екі қызын ойламады ма? Кіші қарындасым тіпті өзіне қол салмақ болыпты. Ел алдына шығып, әйел іздеп жүрген жақсы болды ма?”, деп сұрады ұлы тікелей эфир кезінде.

Алайда әкесі ұлы мен отбасына деген өз ренішін айтты.

“Мені шеберханада жатқаныма 7 жыл болды. Мені ойладыңдар ма сол кезде? Не таңғы не түскі тамаққа шақыруды білмейтін едіңдер, өздеріңнің қарындарың тоқ болса болды. Мені ойладыңдар ма? Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без деген. Тұтқаны қой, тағы бірдеңе айтып бүлдіресің”, - деді әкесі.

“Ондай жағдайға өзің жеткіздің” деген ұлы сөз соңында әкесіне бақыт тілеп қоштасты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
113
1
9
36
4
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір