RU
Маңғыстауда араққа сылқия тойған ер адам кәсіпкер әйелді сабап тастады
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстауда араққа сылқия тойған ер адам кәсіпкер әйелді сабап тастады

Рассказать Вконтакте

Бейнеу елді-мекенінде жергілікті кафе иесі соққы астында қалды. Кәсіпкер әйелді өзінің ауылдасы сабап тастаған. Ер адамның мас күйде болғаны анықталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: misanec.ru

Фото: misanec.ru

Сот мәліметі бойынша, кафе иесі масайып қалған азаматқа мейрамханадан кетуін өтінген. Алайда айтқан сөзге құлақ аспаған ер адам басшы әйелге қол көтеріп, соққы астына алыпты.

Нәтижесінде, кәсіпкер әйел бірнеше жарақат алып қалған.

Азамат Қылмыстық кодекстің 293 бабы, 1 бөлімі бойынша кінәлі болып табылды.

Оған бір жылға бостандығын шектеу жазасы кесілсе керек. Алайда сот үкімі әлі де заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
2
2
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір