RU
Ақтөбеде Сапарбаев отырған әкімдікті қиратқан азамат қамауға алынды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде Сапарбаев отырған әкімдікті қиратқан азамат қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде облыс әкімдігінің ішіне «Nissan Patrol» көлігімен кіріп кеткен кәсіпкер он күнге қамауға алынды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде Сапарбаев отырған әкімдікті қиратқан кәсіпкер қамауға алынды

Ақтөбеде Сапарбаев отырған әкімдікті қиратқан кәсіпкер қамауға алынды

«14 мамыр күні мамандандырылған әкімшілік сотында Анапин Бауыржан Сейтжанұлына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 434 бабы, 1 тармағы бойынша іс қаралды.
Ол 12 мамыр күні Әбілқайырхан көшесінде қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөз айтқан. Сот қаулысымен Анапин 10 күнге қамауға алынды», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін 12 мамыр күні тал түсте әкімдіктің есігін қиратып, «Nissan Patrol» көлігімен ғимарат ішіне кіріп кеткен кәсіпкер туралы жариялаған болатынбыз.

Полиция көлік иесінің жол ережесіне бағынбай, ескертуге тоқтамағандығын хабарлады.

10 күндік әкімшілік жауапкершілік жазасын өтегеннен кейін бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel