RU
Емтиханнан құлаған бозбала анасының көзінше балконнан секіріп өлді
Жаңалықтар Әлемде

Емтиханнан құлаған бозбала анасының көзінше балконнан секіріп өлді

Рассказать Вконтакте

Әзірбайжанның Сумгайыт қаласында емтихан тапсыра алмаған түлек өз-өзіне қол жұмсады. 17 жастағы бозбала өз үйінің бесінші қабатынан секіріп кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

АВнасына

Тергеу барысында суицидтің күндіз сағат төрт шамасында болғаны анықталды.

Емтиханда оқу орнына түсуге қажетті балл жинай алмаған оқушыға үйге келген соң анасы ұрысқан.

Анасының сөзіне ашуланған ол жанжал кезінде балконға шығып, секіріп кеткен.

Бұл факті бойынша Әзірбайжанның қылмыстық кодексінің 125-бабы (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
7
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel