RU
Назарбаев: Ресейлік және отандық БАҚ "түймедейді түйедей етуді" қойсын
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Ресейлік және отандық БАҚ "түймедейді түйедей етуді" қойсын

Рассказать Вконтакте

Ресей басшысы Владимир Путин Сочиде ЕАЭО саммиті қарсаңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев Путинге: БАҚ "түймедейді түйедей еткенді" қоюы керек

Назарбаев Путинге: БАҚ "түймедейді түйедей еткенді" қоюы керек

"Кеше кешке бейресми жағдайда бастаған әңгімемізді жалғастырып отырғанымызға өте қуаныштымын", — деді Путин Назарбаевпен бірге ресми кездесуді ашып жатып.

"Қазақстан – біздің стратегиялық одақтасымыз және ең жақын серіктестеріміздің бірі ғана емес, екі ел арасындағы қарым-қатынас табысты әрі жоспарлы дамып жатыр. Былтыр экономикада жақсы нәтижеге қол жеткіздік – тауар айналымы 30,5 процентке өсті", — деген Путин Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі әрі маңызды инвесторы болып қала беретінін атап өтті.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әрдайым Ресейдің жанында екенін, әрқашан бірге жұмыс істеп, барлық бағыт бойынша бірге ілгерілейтінін атап өтті.

"Екі ел арасында жұмыс қалыпты жүріп жатыр. Біз кеше барлық мәселені талқыладық. Көрші елдер арасында мәселе туындамай тұрмайды, бірақ екі ел үкіметтері барлық түйткілді ешқандай айғай-шусыз шеше алатын жағдайда", — деді Қазақстан президенті.

Назарбаев екі ел халқын дүрліктіріп, дау туғызатындарға мән бермейтінін айтты.

"Біз одақтас, жақын мемлекеттерміз. Сондықтан қос елдің бұқаралық ақпарат құралдары қандай да бір мәселе туындаса, "түймедейді түйедей еткенді" қоюы керек. Біз 25 жыл бойы оларды шешіп келеміз", — деді Қазақстан басшысы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
2
0
2
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel