RU

Атбасар прокуроры адам өлтірген "байдың" баласын босатып жіберген

Қазақстан Бас прокуратурасы Атбасар ауданы прокурорына қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атбасар прокуроры адам қағып өлтірген азаматты босатып жіберген
Атбасар прокуроры адам қағып өлтірген азаматты босатып жіберген: UGC

Бизнесменнің ұлы Заур Дзейтов Атбасарда әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жол апатының видеосы желіде жарияланып, жұртшылықтың жаппай наразылығын тудырды.

Полиция күдіктіні ұстап, қамауға алған. Сөйтіп, оған қатысты екі қылмыстық іс қозғалған болатын, алайда Атбасар ауданы прокурорының қаулысымен Дзейтов уақытша ұстау абақтысынан босатылды.

Негізінде Атбасар аудандық соты Дзейтовты екі айға қамауға алған еді. Ал Ақмола облыстық соты адвокаттардың шағымына байланысты Дзейтовты үй қамаққа жіберді.

Ақмола облыстық прокуратурасы берген мәліметке сүйенсек, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жүргізіп жатқан қызметтік тексеру нәтижесінде Атбасар ауданы прокуроры Ақашевтің әрекетіне баға берілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731742-atbasar-prokurory-adam-ltirgen-bajdy-balasyn-bosatyp-zibergen.html