RU
Қарағанды облысында 2 миллион таба алмаған кассир әйел асылып өлді
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысында 2 миллион таба алмаған кассир әйел асылып өлді

Рассказать Вконтакте

Мөлдір Тапина Қарқаралы ауданында пошта бөлімшесінің кассирі болып екі ай жұмыс істеген. Алайда осы уақыт аралығында қызмет орнынан екі миллион теңге жоғалып, басшылық оны Мөлдірден көріпті. Осыған шыдай алмаған әйел өз үйінде асылып өлген деп хабарлайды КТК арансына сілтеме жасаған NUR.KZ.

КТК арнасынан скриншот

КТК арнасынан скриншот

Мөлдірдің туыстары оның өліміне пошта басшылығын кінәлап отыр. Айтуларынша, табиғатынан тұйық келіншек жұмысындағы келеңсіздікті біраз уақыт тіс жарып ешкімге айтпаған. Алайда соңғы уақытта уайымға салынып, күзеліп жүргенін күйеуі байқапты.

"Мөлдір айта алмайды, дір-дір етіп тұр. 900 мың теңге жетпеген. Соған Мөлдірге төлейсің деп айтқан. Күйеуіңді де жұмыстан шығарамыз деп айтқан бастығы. Ертең соттап жебереміз деген. Бүгін салмасаңдар жұмыстан күйеуіңді шығарамыз депті", - дейді марқұмның жолдасы Аслан Тұрсынов.

КТК арнасынан скриншот

КТК арнасынан скриншот

Ал пошта басшылары ақшаны Мөлдірдің алғанына шүбә жоқ дейді. Мұнысын банкоматқа ақша толтыру кезінде іске асырған көрінеді. Банкоматтан алынған ескі кассеталарда қалып қойған 2 миллион теңгеден аса қаражатты алып, олардың ішінде ақша болмағанын айтыпты. Мұндай жағдай жиі болатындықтан басшылық мән бермеген. Алайда қомақты соманың жоғын арнайы бағдарлама әшкерелепті. Алғашында көрмедім білмедім деген кассир ақыры 2 миллион 1 жүз мың теңгенің 1 миллион 200 мың теңгесін үйінен әкелген.

КТК арнасынан скриншот

КТК арнасынан скриншот

Дегенмен, марқұмның туыстарының арызы бойынша полиция адамды өзіне қол жұмсауға итермеледі деген баппен іс қозғаған. Ақ-қараны солар анықтауы тиіс. Жалпы, бұл Қарқаралыдағы бөлімшеге қаьтысты алғашқы дау емес. Былтыр осы жерден 14 миллион теңге қолды болып, былыққа қатысы бар деген күдікпен бөлімшенің бұрынғы басшысы мен бас кассирі шатылып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
7
23
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір