RU
Шу қаласының тұрғыны 15,5 келі есірткімен ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Шу қаласының тұрғыны 15,5 келі есірткімен ұсталды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысына қарасты Шу қаласының тұрғыны 15 жерым келі есірткімен ұсталды. Ол шегетін заты қанша салмақта болса да ылғи өзімен бірге арқалап жүретінін айтқан деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: РИА Новости

Көрнекі фото: РИА Новости

Күдікті біраз уақыттан бері полицейлердің бақылауында болыпты. Ақыры ұсталып тынған Шу қаласының тұрғыны көлігіне мұқият жасырылған есірткінің өзінікі екенін және оны тек өзі ғана шегетінін ашық айтқан.

Яғни сөзіне сенсек, ол қажетті мөлшердегі гашишті шетінен алып қолданып жүрген. Алайда құзырлы орын өкілдерін балаша алдағысы келген оның бұл уәжіне сену қиын.

Дегенмен, күдікті мұнысына тәртіп сақшыларын иландырған тәрізді. Өйткені 39 жастағы азаматтың үстінен тек есірткіні әзірлегені және сақтағаны үшін іс қозғалды. Енді ол 3 жылдан 7 жылға дейін бостандығынан айырылу ы мүмкін. Ал 15 жарым келі гашиштің қара нарықтағы құны – 15 мың доллар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel