RU

Назарбаев Қара және Каспий теңіздерін су жолымен жалғауды ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында сөз алып, Қара және Каспий теңіздерін су жолымен жалғау туралы мәселені көтерді деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Қазақстан Президенті ірі инфрақұрылымдық мегажобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігіне тоқталды.

"Оған Еуропа мен Азияны Ресей және Қазақстан арқылы жалғайтын "Еуразия" жоғары жылдамдықты темір жол магистралі жобасы жатады. Келесі келешегі зор жоба Қара және Каспий теңіздерін су жолымен байланыстыруға мүмкіндік беретін "Еуразия" кеме арнасы құрылысы бола алар еді.

Басқаша сөзбен айтар болсақ, Еуразиялық экономикалық одақ инфрақұрылымы Азия мен Еуропаның, Шығыс пен Батыстың, Тынық және Атлант мұхиттарының арасындағы жақсы көпір бола алады", - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, Ресейдің Сочи қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысы өтуде. Онда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы көпбағытты ынтымақтастықтың түрлі аспектілері, ұйымның ұйымдастыру-кадрлық бағыттағы шаралары мен ағымдағы жұмыс барысы сөз болады деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731758-nazarbaev-kara-zne-kaspij-teizderin-su-zolymen-zalgaudy-syndy.html