RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 15 мамыр күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп хабарлайды "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Еліміздің батысы, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының, түнде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел тұрады, жылдамдығы-15-20 м/с. Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel