RU

Қостанай облысында саяжайдағы 15 үй өртке оранды

Қостанай облысындағы саяжайда 90 өрт сөндіруші ірі өртті сөндіруде. Алдын ала дерек бойынша 2,5 гектар жерді өрт шалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қостанай облысындағы ірі өртте саяжайдағы 15 үй өртке оранды
Қостанай облысындағы ірі өртте саяжайдағы 15 үй өртке оранды: UGC

ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметі "Монтажник" саяжайында құрғақ шөп өртке оранып, от көрші учаскенің аумағына қарай бет алғаны хабарланды.

Желдің соғуына байланысты өрт тез арада адам тұрмайтын 15 үйді шалған.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 20.51-де толықтай сөндірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731769-kostanaj-oblysynda-saazajdagy-15-j-rtke-orandy.html