RU
Алматы облысында оқ тиіп көз жұмған полицейге қатысты жаңа дерек шықты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында оқ тиіп көз жұмған полицейге қатысты жаңа дерек шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында қарулы қақтығыс кезінде оқ тиіп қайтыс болды делінген полицейдің туыстары өз шындығын айтты. Көз жұмған полиция майорының әйелі болған жайтты баяндап берді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы облысында қарулы қақтығыста көз жұмған полицейге қатысты жаңа дерек шықты (фото)

Алматы облысында қарулы қақтығыста көз жұмған полицейге қатысты жаңа дерек шықты (фото)

Гүлмира Рыспекованың айтуына қарағанда өткен дүйсенбіде оның күйеуі достарымен кездесуге кеткен. Ал түнде оның ауруханаға түсіп қалғаны туралы хабарды естіген. Бір күннен соң оған ота жасалған. Салдарынан ол жансақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты.

Әйелдің айтуынша, мәйітті ашу кезінде ғана полицейдің атылған оқтың салдарынан емес, қанға инфекция түсуі себепті қайтыс болғаны анықталған. Медиктер оның арқасындағы пышақ жарақатын көрмей қалуы мүмкін екен.

Қақтығыстың неден болғанын марқұмның туыстары сұрап үлгермепті. Отбасының жақын досы Ержанның жерлеуінде жүрген олар мән-жайды сұрап та үлгермеген екен. Екеуі кішкентай кезінен дос болып, жақсы қарым-қатынаста болған.

Сол түні олар досын алып кафеге кездесуге кеткен екен. Дәл сол жерде олар тағы да бір топ жігітпен ерегісіп, далаға шығып кеткен. Кафе ұжымының айтуынша, олар төбелесті далада жалғастырған.

"Бастапқыда бізге тұрақты түрде келіп тұратын үш адам келді. Оларға тағы үш адам келіп қосылды. Олар бәрі бірнеше уақыт бойы отырып, аз уақыттан соң араларында жанжал шықты. Ішімдік ішкеннен болар. Жазбадан жанына тағы үш адам келіп қосылғанын көруге болады. Оқ ату сол кезде басталып кетті", - дейді кафе әкімшісі Мәулен Қайнаров.

Кафе қызметкерлері оқты ең соңынан келіп жеткен жігіттер атқанын айтады. Олардың бірі көлік жүксалғышынан қаруды алып, ата бастаған. Оқ екеуінің аяғына тиіп, бірінің арқасына тиген.

Алайда іс мұнымен біте қоймаған. Олардың бірі пышақ ала жүгірген.

Қазіргі таңда күдіктілердің бірі ұсталып, екіншісі әлі күнге дейін жасырынып жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
6
5
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір