RU
Ақмола облысында оқушыны сабаған экс-әкім жазадан құтылып кетпекші
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында оқушыны сабаған экс-әкім жазадан құтылып кетпекші

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған экс-әкім жазадан жеңіл құтылуы мүмкін. Өйткені, Қорғалжын ауданының соты Жанат Омаровқа қозғалған қылмыстық істі тоқтатып, оны әкімшілікке ауыстырып тастаған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола облысында

Скриншот: КТК арнасы

Істің бұлайша жұмсаруына сот сараптамасы себеп болыпты. Бірақ, атқамінерден таяқ жеген Диас Мұқанның анасы баласының жеңіл жарақат алғанын көрсеткен қорытындыға сенбей отыр. Сондықтан, оны қайтадан тағайындатып, сотқар әкімді жазаға тартқызбақшы.

Экс-әкім араға анасы мен аудан депутаттарын салып, жәбірленушілерді кешірім беруге мәжбүрлеп жүр екен.

"Менің баламды ойлап жатқан олар жоқ. Кешіріммен келіп тұр. Ал, негізі менің баламды емдетейін, осылай көмек берейін деп олар ойлап тұрған жоқ. Олар Жанат Омаровты ғана ойлап тұр мына жерде. Сол үшін келді. Ал, балам кеміс болып қалса не істейді ал?!", - дейді Диастың әкесі.

Аудандық судья да Жанат Омаровты қылмыстық жауапқа тартатындай дәнеңе жоқ деп отыр. Айтуынша, сараптама тағайындалып, қорытынды шыққан. Соған сай, әкімнен соққы жеген сегізінші сынып оқушысы мүлдем жеңіл жарақат алған екен. Сондықтан, істі әкімшілікке ауыстыруға тура келген.

Ақмола облысында

Диастың ата-анасы. Скриншот: КТК

Бірақ, "жеңіл жарақат алды" дегенге Диастың ата-анасы келіспей отыр. Айтуларынша, Астанада айға жуық емделген ұлдары әлі күнге дейін толық айықпаған, үнемі басы ауырады екен. Сондықтан, істің тоқтағанына қарсылық білдіріп, қайтадан сараптама тағайындауға өтініш білдірген.

Мұны судья қолдапты. Сол үшін мамандар жасөспірімнің денсаулығына қандай зақым келгенін екінші тексеріп жатыр. Бірақ, бұдан нәтиже өзгереріне жәбірленуші тарап күмәнмен қарайды.

Атқамінерден таяқ жеген Диас Мұқан қазір интернатқа қайта оралған. Бірақ, сабақты көп босатқандықтан, үлгерімі нашарлап кетіпті.

Ал, оның анасы мен экс-әкімнің арасындағы тартыс әлі біразға созылатын түрі бар. Өйткені, қайтадан тағайындалған сараптама бір айға жуық жасалуы мүмкін.

Егер сараптама өзгеріссіз қалса, экс-әкім әкімшілік баппен ғана жазаланады. Яғни, 35 мың теңге айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамалады.

Ал қорытындыда Диастың денсаулығына айтарлықтай зақым келгені расталса, осы оқиғадан соң жұмыстан қуылған Жанат Омаров екі жылға дейін сотталуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel